Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жас маман мектебі

Бүгінгі оқушылардың  дүниетанымы  мен  тәрбиесіне  зор үлес қосатын  ұстаздың  асыл  болуы,  дара тұлға болуы өмір бойы оқып-тоқуымен, үйренуімен іске асады.  Мемлекеттік білім стандартын жүзеге асыру,  Қазақстан  мектебінің  ұлттық  моделін  қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер  ұстаздардан  жоғары  кәсіби шеберлік пен іскерлікті талап етеді. Жас мамандарға  жаңалықты дұрыс түсіндіріп, өз әрекетін  күн  талабына сай  құруына  бағыт - бағдар беру,  көмек көрсету – әдістемелік жұмыстың  басты  мәселесі. Бұл  жұмыс тәжірибелі мұғалімдермен  қарым-қатынасы   арқылы  жасалады. Ұстаз жетістігінің шыңдалатын жері – сабақ, сондықтан жас мамандардың тәжірибелі, білікті ұстаздардың сабақтарына қатысуының маңызы зор. Астана қаласы  мектептерінде  30 жас маман -математика пәні мұғалімдері еңбектенуде.  
Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес  6 желтоқсан  күні олар үшін  №35 мектеп-лицейінде  «Инновациялық технологияларды  қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби өсуінің  жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жас мамандар мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі  Жанкина Анар Сеилбекқызының  сабағына  кірді.  Сабақтан кейін Алдажар Гүлжан Жиенқызы,  осы мектептің мұғалімі, қала бойынша жас мамандардың тәлімгері  «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту» атты тренинг жүргізді. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққанда оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады?  Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып,  жаңа  кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?сұрақтар бойынша тәжірибелі мұғалім көп жұмыска керекті мәліметтермен таныстырды, өз тәжірибесімен бөлісті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное